Қарағанды облысында сарбаз оққа ұшты
Қарағанды облысында 21 жастағы сарбаз оқ жарақатымен ауруханаға түсті.
14:15 29.08.2019
Қарағанды облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өз-өзін атып, ауруханаға түскен. Жергілікті № 44841 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз Қарағанды қаласының Приозерск қаласында орналасқан Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің әскери госпиталінде жатыр.
Әскери госпитальдегілердің мәліметінше, өкпесі зақымдалған сарбазға ота жасалған. Бүгінде жағдайы өте ауыр. Болжам бойынша Атырау қаласының тұрғыны болып табылатын әскери борышын өтеуші сарбаз, белгісіз жағдайда, төсінің сол жағына, жүрек тұсына оқ атқан. Жарақаттанған сарбазды жедел түрде ауруханаға жөнелткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!