Торнадодан сегіз адам қаза тапты
Қытай Халық Республикасының оңтүстігіндегі аралдық провинция – Хайнань қаласында торнадо салдарынан сегіз адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.
14:50 29.08.2019
Жергілікті биліктің мәліметінше, таңғы сағат 04.00 шамасында торнадо Даньчжоу қаласымен өткен. Құрылыс алаңында жұмысшылардың қосалқы нысанының қирауы салдарынан сегіз адам мерт болды.
Бір адам ауыр зардап шеккен. Сондай-ақ, бір жұмысшы жеңіл дене жарақатын алған. Билік оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бригада жіберді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!