Зейнеткер үйінде 500-ден астам егеуқұйрық ұстаған
Подмосковьеде зейнеткер екі бөлмелі үйінде 500-ден астам егеуқұйрық ұстаған.
16:16 29.08.2019
Ол оларды тамақтандыра алмаған. Ашыққан егеуқұйрықтар іліккен тамақты жеп, сымдарды, еденді кеміріп тастаған. Оларды көрші үйге келген сантехник көрген. Көршісі үйіне су кеткен соң сантехник шақырған.
Ол полицияға хабар берген. 400 жуық егеуқұйрықты еріктілер ұстаған. Олардың арасында сирек кездесетін егеуқұйрықтар да бар. Зейнеткер психологиялық ауруға шалдыққан. Қазір қария ауруханаға емге жатқызылған.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!