Нұр-Сұлтанда кранның құлау себебі айтылды
BI Group компаниясы елордада құлаған автокранға қатысты түсініктеме берді.
09:34 02.09.2019
Компания «Британ квартал» ауданында XCMG автокранының құлағанын растады.
«Алдын ала нұсқа - автокран операторының қателігі болған. Ол жұмыс жүргізу кезінде автокранның алдыңғы бөлігімен (стрела) дұрыс маневр жасалмай, осының салдарынан кран аударылып қалған. Техника мердігер - «Андрющенко» жеке кәсіпкерлігі тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Жеңіл автокөлікке зақым келді», - деп хабарлайды компаниядан.
Компания апаттан келген шығын «Андрющенко» жеке кәсіпкерлігі есебінен өтелетінін хабарлайды.
«Кранды эвакуациялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән- жайы анықталу үстінде», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда жеңіл көліктің үстіне автокран құлағанын жазған боалтынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!