Оралда үйдің жертөлесінде қоқыс жанып, 50 адам эвакуацияланды
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ватутин көшесі 53-үйде болды.
09:05 02.09.2019
Оралда көпқабатты үйдің жертөлесінде қоқыс жанып, 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 15.46-да Ватутин көшесі 53-үйде болды.
Бес қабатты үйдің жертөлесінде қоқыс жанған. Оның аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. Салдарынан 50 адам эвакуацияланса, соның 20-сы – балалар. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 12 адам, 1 техника жұмылдырылды. Жанған қоқыс 17.01-де сөндірілді.
Бүгін Оралда тағы бір оқыс оқиға орын алды. Сағат 16.03-те «Тюльпан-2» автогараж кооперативінде 1977 жылғы азамат ұраға құлап кеткен. Құтқарушылар (3 адам, 1 техника) оны шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына табыс етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!