{metadescription}
Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар комитеті дүмпудің сағат 15:07-де тіркелгенін мәлімдеді.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Алматы уақыты бойынша 15 сағат, 06 минут және 17 секундта (Гринвич уақыты бойынша 09 сағат, 06 минут және 17 секундта) жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 5 километрде орналасқан. 3,7 магнитудалы сілкініс эпицентрі жердің 15 километр терең қабатында болған. Оның энергетикалық класы - 8,5.

Жерасты дүмпуі Алматыда (МSК-64 шкаласымен 2-3 балл) сезілген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Еске салайық, 2 қыркүйекке қараған түні Алматы қаласындағы Сүйінбай және Баянауыл көшелерінің қиылысында екі жеңіл автокөлік қақтығысып, салдарынан екі адам қазаға ұшырады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде