14 жасар қыз маса шаққаннан кейін сирек кездесетін дертке шалдықты
АҚШ-тың Мичиган штатында 14 жастағы қыз маса шаққаннан кейін сирек кездесетін дертке шалдықты.
18:31 02.09.2019
14 жастағы Саванна ДеХарт тамыз айының басында басының қатты ауыратынын сезе бастаған. Арада бірнеше күн өткеннен кейін оның қызуы көтеріліп, буындары ауырыпты. Осыдан кейін ДеХарт ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған аттардың шығыс энцефалитінің вирусы диагнозын қояды.
Белгілі болғандай, бұл вирусты масалар тасымалдайды екен. Қазіргі уақытта қызға жасанды тыныстандыру құрылғысын қосқан. Оның анасының сөзінше, қызының миы вирустан өздігінен емделуге тырысуда. Сондықтан ДеХарт ес-түссіз күйде жатыр. Алайда денесіне қолыңды тигізсең, жауап бере бастады, дейді анасы.
«Біз онымен және күн сайын жасап жатқан кішігірім қадамдарымен мақтанамыз. Дәрігерлер жақын уақытта жасанды тыныстандыру құрылғысын өшіруді жоспарлап отыр. Бәрі жақсы өтуін тілеп, дұға жасаудамыз», - дейді әйел.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!