{metadescription}
Қостанай облысында қызметкерін тепкен полиция басшысы видеоға түсіп қалды

Қостанай облысында қызметкерін тепкен полиция басшысы видеоға түсіп қалды

Арқалық ауданының ішкі істер бөлімінде қалалық полиция басқарма басшысының әдепсіз қылық танытуы бақылау камерасына түсіп қалды.

Facebook қолданушысы Серік Төлекбаев жариялаған видеода Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығы Жеңіс Ахметовтің қызметкерін тепкен сәті таспаға түсіп қалған. Серік Төлекбаевтың жазуынша, басшы тарапынан жасалған мұндай өрескел қылық бұған дейін де болған. Қостанай облысы полиция басқармасы бастығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина аталмыш видеоға қатысты түсінік берді.

"Қазіргі уақытта Арқалық қаласы полиция басқармасының басшысы Ж.Д. Ахметовке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол Қостанай облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен тексеріс аяқталғанға дейін қызметінен уақытша шеттетілді. Облыстың кадрлар бөлімі басшысының орынбасары бастаған жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Арқалық ауданының ішкі істер бөліміне аттанды", – делінген ведомство хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде