Өскеменде 85 жастағы кейуананы өз ұлы тонап кетті
85 жастағы зейнеткерді туған ұлы тонап кеткен.
08:47 03.09.2019
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлайды.
«Оқиға мереке күні болған. Анасының қолында тұратын 59 жастағы ер адам төсеніш астындағы 640 мың теңге мен 300 АҚШ долларын көрсетпей қолды қылған. Күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Ал жалға пәтер берумен айналысатын 46 жастағы өскемендік әйел өз «клиентінен» зардап шеккен.
«29 тамызда «102» каналына қоңырау түсті. Пәтерді тәулік бойына жалға берумен айналысатын әйел кезекті клиентінен зардап шеккен. Уағдаласқан сәтте пәтерді қабылдап алуға келген үй иесі тұрмыстық техниканың бәрі ұрланған көреді. Күдікті ұсталды. 33 жастағы бірнеше рет сотталған азаматқа қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген департамент дерегінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!