{metadescription}
Алматыда науқастың туыстары дәрігерлерді ұрып-соқты

Алматыда науқастың туыстары дәрігерлерді ұрып-соқты

Алматыда науқастың туыстары жансақтау бөлімшесінің медициналық қызметкерлерін ұрып-соқты.

Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерін науқастың туыстары соққыға жықты. Бұл ақапаратты медициналық мекеме Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жансақтау бөлімінде жатқан науқастың туыстары келген. Мамандар науқасты жансақтау бөлімінде тағы бір күнге қалдырғандықтан, жақындары шу шығарыпты. Олар мекеме қызметкерлері әкелерінің өлімін жасырып отыр деп шешсе керек.

Олардың біреуі кезекшілікте отырған медбикенің кеудесін темір балдақпен бірнеше рет ұрған. Дәл сол құралмен бас мейірбикегеде шабуыл жасаған. Ашуға бой алдырған науқастың қалған туыстары, медициналық қызметкерлердің қарсылығына қарамастан, жансақтау бөлімшесіне баса-көктеп кірген. Осылайша аурухананың ішкі тәртібін бұзған. Дөрекілік көрсетіп, әдепсіз сөздер айтып қорқытқан. Соққы алып пен психологиялық күйзелісті бастан кешірген медицина қызметкерлері сотқа жүгінді. Полиция бұл фактіні растады.

Полиция өкілдері Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы аурухана дәрігерлерінің соққыға жығылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

"Сот отырысы кезінде дәрігерлер алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін осы дерек бойынша шешім шығады", - деді Полиция департаментінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.