Билет алып, ұшаққа отырмаған жігіт сотталуы мүмкін
Сингапурде 27 жастағы жолаушы ұшаққа билет алып, транзиттік аймақта қалған.
15:04 03.09.2019
Енді ол екі жылға сотталуы мүмкін немесе 13 мың еуро айыппұл төлейді. Жолаушы билет алып, транзиттік аймақтағы әйелімен қоштаспақ болған. Алайда Сингапур полициясы қамауға алды. Жергілікті заң бойынша транзиттік аймаққа кірген жолаушы міндетті түрде ұшаққа отыруы тиіс. Жігіт қамауға алынған соң полиция Facebook-те жазба жариялап, Чанги әуежайының транзиттік аймағы күзетілетін тағы да еске салды.
"Егер жолаушы транзиттік аймаққа кіріп, бортқа отыруды жоспарламаса, инфрақұрылымды қорғау жөніндегі заңға сәйкес жауапқа тартылады", - делінген жазбада.
Бұл ережені бұзған жігіт екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 13 мың еуро (5,5 млн теңгеден астам) көлеміндегі айыппұл төлейді. Полиция мұндай бұзушылықтар үшін 2019 жылдың қаңтар айынан бері 33 жолаушы жауапқа тартылғанын атап өтті.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!