14 жастағы қыз босанып, күдікті ретінде әкесі ұсталды
29 тамызда Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданында 14 жастағы жеткіншек босанды.
15:47 03.09.2019
Қызды зорлаған күдікті ретінде 53 жастағы туған әкесі ұсталған, деп хабарлайды облыстық милиция баспасөз хатшысы Нұргүл Нүсіпова.
«Қазір сәби басқа отбасына берілді. Ешкім арыз бермеді. Бірақ бұл арнайы шара кезінде белгілі болды. Қыздың ата-анасы мен дәрігерлер ісіне тергеу ісінің қорытындысы баға береді», - деді Нүсіпова.
Шу облыстық ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, 14 жастағы қыз үйінің үлкені. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Отбасында одан бөлек екі ұл, екі қыз бар. Қырғызстанда құқық қорғаушылар кәмелетке жасы жетпеген жеткіншектерді зорлағандар жазасыз қалады деп дабыл қағып келеді.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!