Қайын апасына смс жіберген Атыраулық әйел жауапқа тартылды
Атырау тұрғыны қайынапасына жазған хабарламасы үшін айыппұл жазасына кесілді.
17:31 03.09.2019
Атырау облысы Жылыой аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол телефон арқылы қайын апасына намысы мен ар-ожданына тиетін ауыр сөздер жазған. Бұл сот отырысында белгілі болды. Хабарлама жіберген тұрғын сот процесі барысында кінәсін мойындағанына қарамастан, судья жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
Сот шешімімен азаматша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл жазасы кесілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!