Он жыл фастфуд жеген жігіт жанарынан айырылды
Ұлыбританиядағы Бристоль қаласының 17 жастағы тұрғыны 10 жыл бойы тек зиянды тағамды тұтынып, көру және есту қабілеттерінен айырылып қалған.
18:21 03.09.2019
Есімі жасырын болып қалған жас жеткіншектің сөзінше, ол қарапайым тағамдардың құрылымын ұнатпағандықтан, жеті жасынан бастап тек өзі ұнатқан өнімдерді тұтына бастаған. Оның күнделікті асы қуырылған картоп пен бургерден, чипсыдан тұрыпты.
Бала 15 жаста болғанда көз жанары нашарлап, бірнеше уақыт өткеннен кейін есту қабілетінен де айырыла бастаған. Жас жігіт дұрыс тамақтанбаудың салдарынан оптикалық нейропатияға шалдығып, 17 жасында көзі мүлде көрмей қалыпты. Дәрігерлер оған тағамдық қоспаларды тұтынуға кеңес беріп, тамақтану тәртібінің бұзылуына байланысты ем тағайындаған.
Пациенттің қашықтан көру қабілеті сақталғандықтан, ол өздігінен жүріп-тұра алады. Алайда дұрыс тамақтанбаудың салдарынан көру жүйкесі қалпына келместей зақымдалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!