Жасөспірім өзінің отбасы мүшелерін атып тастады
Алабама штаты, Элкмонт қаласында он төрт жастағы жасөспірім отбасының бес мүшесін атып тастады.
20:05 03.09.2019
Полицияның мәліметінше, жасөспірім қылмыс жасағанын мойындаған. Бұған дейін хабарланғандай, 31 тамызда 10 жасөспірім Алабама штаты, Мобил қаласында стадионда болған атыс салдарынан жарақат алған. 1 қыркүйекте Техастағы атыстан 5 адам қаза тауып, 21-і жарақаттанды.
Айта кетейік, Қытайдың Гаоянпо ауылында мектепке шабуыл жасалып, бастауыш сыныптың 8 оқушысы қаза тапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!