13 жасар қыздың тойының видеосы елді шулатты
Иранда 13 жасар қыздың үйлену тойы түсірілген видеоны жергілікті журналист Масих Алинежад Twitter-дегі парақшасына жүктеді.
08:45 04.09.2019
Видеода жеткіншек қыздың үлкен ер адамға тұрмысқа беріліп жатқаны бейнеленген. Видео желіге тез тараған уақытта ел билігі қоғамның қысымымен некені бұзуды талап етті. Онда қыздың ата-анасы да бой көрсетеді. Желіні қолданушылардың көбісін қыз баланың ата-анасының мұңсыз-қамсыз күйі де ашуға тиген.
Алинежадтың айтуынша, ислам заңы бойынша Иранда 13 жасар қызға үйленуге рұқсат етілген, бірақ оларға той көйлегін таңдауға рұқсат берілмеген. Қыздың күйеуі Милад Чешани, ол Басидж милициясының балуаны, Ислам Революциялық сақшылар корпусының мүшесі. Чешанның исламдық аймақтық сотта үйленуге рұқсат алғандығы айтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!