Мәжіліске жаңадан келген депутаттар ант берді
ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттары - Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді.
10:54 04.09.2019
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен бірге, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Гүлшара Әбдіқалықованы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне ұсынды. Ұсынысты 104 депутат мақұлдады.
Сәйкесінше, Нұржан Әшімбетов - Аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды. Тиісті қаулылар қабылданды.
Айта кеткен жөн, Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Бақтияр Мәкен мен Гүлнар Иксанованың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!