{metadescription}
Дубайдың мейрамханасында мас қазақстандықтар төбелес шығарды

Дубайдың мейрамханасында мас қазақстандықтар төбелес шығарды

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мейманханалардың бірінде қазақстандық туристер төбелес шығарды. 

Бас елшілік мәліметіне сәйкес, қазақстандық азаматтар мейманханалардың бірінде ішімдік ішіп отырып төбелесіп қалған, деп хабарлайды Қазақстанның БАӘ мен Дубайдағы бас елшілігіне сілтеме жасап. Салдарынан мейманхана қызметкерлері полиция шақырыпты. Полицейлер оқиғаға қатысты төбелес және алкогольді сусын ішу деректері бойынша екі хаттама толтырған. 

«Артынша тараптар татуласқандықтан, бірінші іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Алайда екінші іске қатысты материалдар сотқа жіберілді», - делінеді хабарламада. 

Нәтижесінде қазақстандықтарға қомақты көлемде айыппұл салыныпты. Бас елшілік қазақстандық туристерді заңды сақтауға шақырып, БАӘ заңы бойынша ішімдік ішуге тыйым салынғанын ескеруге кеңес берді. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде