{metadescription}
Гүлшара Әбдіхалықова мәжіліс комитетінің төрайымы болды

Гүлшара Әбдіхалықова мәжіліс комитетінің төрайымы болды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып сайланды.

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.

«ҚР Парламенті Комитеттері мен комиссиялары туралы заңның 8-бабына сәйкес, мен осы орынға Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың кандидатурасын ұсынамын. Гүлшара Наушақызы көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Барлық салада білімі де, тәжірибесі де жеткілікті. Сондықтан, осы комитетті басқару үшін Гүлшара Әбдіқалықова лайықты деп есептеймін», - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Гүлшара Әбдіқалықованың кандидатурасын барлық депутаттар мақұлдады. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттары - Гүлшара Әбдіқалықова Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде