{metadescription}
Үш дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

Үш дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

Биатлоннан үш дүркін олимпиада чемпионы норвегиялық Хальвард Ханевольд қайтыс болды.

49 жастағы спортшының денесі өзінің үйінен табылған. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ. Ханевольдтің артында әйелі мен екі баласы қалды. Норвегияның биатлоншылар одағының президенті Арне Хортен Ханевольдтің өлімі спорт қауымдастығы үшін үлкен қайғы екенін айтты.

"Бұл – норвегиялық биатлон үшін өте қайғылы күн", - деді ол.

Хальвард Ханевольд 1998 жылы 20 шақырымға жеке жарыста, 2002 және 2010 жылдары 4 және 7,5 километр эстафетада олимпиада чемпионы атанды. Қоржынында әлем чемпионаттарының бес алтын медалі бар. Биатлоншы спорттағы карьерасын 2010 жылы аяқтады. Спорттан кеткен соң норвегиялық телеарналарда сарапшы болды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде