Алматыда полицейлер әйелді қағып кетті
Жол апаты Алмалы ауданында болған.
12:49 04.09.2019
Полиция мәліметінше, оқиға бүгін сағат 9:45-те Төле би мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел Төле би көшесінің тыйым салынған тұсынан жолды кесіп өтпек болған. Сол мақсатпен ол автобустың артынан жүгіріп шыққан. Бұл сәтте Төле би көшесімен батысқа бет түзеп келе жатқан Хюндай маркалы полиция көлігі оны қағып кеткен.
Әйел ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта міндетін атқарып жүрген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!