Турист әйел шаурмаға миллион теңге төлеген
Израильде дәмхана қызметкерлері туристің банк картасынан шаурма үшін 10,1 мың шекель (шамамен 1,1 миллион теңге) шешіп алған.
13:50 04.09.2019
Біраз уақыттан кейін әйел тамақтану орнына қайтып келіп, ақшаны қайтаруды талап еткен. Оның айтуынша, израильдік БАҚ-тар оқиға жайлы жазғаннан кейін қаражат оның шотына қайтарылған.
Шаурма сататын дүңгіршектің иелері қателік кетті деп ақталды. Алайда бұрынғы қызметкер жергілікті БАҚ-қа бейқам туристерді алдаудың мұндай тәсілі бұрыннан бар екенін айтты.
"Бұл менің жұмыстан шығып кетуімнің негізгі себебінің бірі. Олар бағамен ойнай бастады. Туристермен бірге полиция үш рет келді", - дейді азамат.
Бұрынғы қызметкердің сөзінше, кафеде ас мәзірі жоқ, ал саудагерлер шаурманың тәрелкесі 80 шекель тұратынын айтып, ақшаны еуро немесе доллар арқылы алады. Кейде клиент есептегі қатені байқаса, енді бірде ештеңе аңғармастан, банк картасы арқылы төлеп кете береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!