Алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауын жауады
Синоптиктер елімізде 5-7 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты.
14:39 04.09.2019
Олардың болжамынша, алдағы күндері нөсер жауын жауады. Циклон мен атмосфералық фронттар еліміздегі ауа райына әсерін жалғастырып, соның салдарынан жаңбыр, күшті екпінді жел және оңтүстікте найзағай күтіледі.
«Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында циклон орталығының өтуіне байланысты кей жерлерде нөсер жауын жауып, сондай-ақ күздің негізгі сипаты ретінде тұман тұтуы болжанады. Осыған байланысты түнгі және таңғы сағаттарда көріну қашықтығы 200-500 метрге дейін нашарлайды», - дейді синоптиктер.
Республиканың батыс аймақтарына антициклон ығысып, соның әсерінен жаңбыр басылады. Ал Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-6°С төмен сақталады.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!