Жігіт қалыңдығының баласын орындықпен басып өлтірген
26 жастағы Стивен Уотерсон өзінің сүйіктісімен және тағы екі танысымен қала сыртына дүкен аралауға шыққан.
17:13 04.09.2019
Олармен бірге сүйіктісінің 4 жастағы ұлы Алфи да болған. Ал Уотерсонның көлігі төрт адамдық шағын көлік болған. Соған қарамастан ол таныстарын жеткізіп саламын деп, баланы өзінің артында отырған қалыңдығының алдына, жерге отырғызған. Күні бойы дүкен аралап шаршаған бала шуға басқан.
Баланың ызыңынан шаршаған Уотерсон өзі отырған орындықты артқа қарай барынша итеріп, баланың дауысы басылғанша қысып тастаған. Өздері діттеген жерге келгенде ғана баланың анасы Эдриан Хоар өзінің аяғының астында отырған баланың есінен танып қалғанын көргенін айтқан. Олар жедел жәрдем шақырған. Бала үш күннен кейін көз жұмған.
Осыдан кейін жастар түрлі сылтау мен себеп айтып, айыптарын жоққа шығарып баққан. Бірақ олардың кінәсі дәлелденген. Баланың анасы 2 жыл 9 айға сотталған. Ал Уотерсон сот шешімін күтуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!