Қазақстандық әйел Кипрде 12 жастағы ұлын өлтірді
Баласын өлтіргеннен кейін әйел өзіне қол салмақ болған, бірақ оның өмірін дәрігерлер құтқарып қалды.
17:45 04.09.2019
Кипр астанасы Никосияда 40 жастағы Қазақстан азаматшасы өзінің 12 жастағы ұлын өлтірді. Деректер бойынша, баласын өлтіргеннен кейін әйел өзіне қол салмақ болған, бірақ оның өмірін дәрігерлер құтқарып қалды. 52 жастағы күйеуі – Кипрдің ұлты грек азаматы және баланың өгей әкесі полицей болып жұмыс істейді екен.
Үйіне келгенде ішінен құлыпталған есікті аша алмаған. Көмекке өрт сөндіру қызметін шақырды. Сосын үйіне терезе арқылы кірген ол қанға бөгіп жатқан әйелін тапты. 12 жастағы бала өлі күйі төсекте жатқан. Оны пышақпен тамағынан орған екен. Әйел ас үйдің пышағын пайдаланған.
Никосия орталық ауруханасында әйелге ота жасалып, ол үйіне жіберілді – дәрігерлер науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. Әйелді психиатр қарады, оны Athalassa психиатриялық емдеу мекемесіне емделуге жіберді. Содан кейін ол қасақана кісі өлтіру айыбымен сот алдында жауап береді.
Полиция хабарлағандай, тергеу мәліметтері бойынша, бұл әйел науқас – бірақ нақты қандай кеселі бар екенін полиция қызметкері айтқан жоқ.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!