Шымкентте 3 жасар бала пойыз астына түсіп өлді
Шымкентте 3 жасар сәби пойыз астына түсіп, мерт болды.
08:18 05.09.2019
Қайғылы жағдай Шымкент пен Қызылсай станцияларының арасында Сайрам елді мекенінде болды. Теміржол өткелдерінің бірінде 19 сағат 39 минутта 3 жасар баланы пойыз қағып кетті. Ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Кейін белгілі болғанындай, үйдегі ересек адамдар өздерінің тіршіліктерімен айналысып жатқанда 3 жастағы бала үйінен өз бетінен шығып кетіп, қайғылы жағдайға тап болған.
«3 қыркүйекте Шымкень пен қызылсай сатнцияларының арасында 3 жастағы баланың пойыз астына түсіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Қылмыстық кодекстің 344-ші бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша іс қозғалды», - деді Шымкент қаласының желілік ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісі Әрдәулет Садықов
Қаза тапқан бала бүгін жер қойнына тапсырылды. Айта кетейік, балақай отбасының төртінші перзенті болатын. 5 құрсақ көтерген анасы қайғылы жағдайдан кейін жедел түрде перзентханаға жеткізіліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!