{metadescription}
Алматы облысында төбелескен ер адамның басына бұрауыш кіріп кетті

Алматы облысында төбелескен ер адамның басына бұрауыш кіріп кетті

Дәрігерлер бұрауышпен соққы алған ер адамның жағдайы туралы айтты. 

"Бұл науқас өміріне қауіп төндіретін өте ауыр жағдайда бұрауышпен соққы алғаннан кейін Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ота шұғыл түрде клиниканың жетекші мамандарының қатысуымен жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа деп саналып, комадан шыққан, дәрігерлердің бақылауында және бөлімге ауыстырылды", - деді аурухананың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында ер адамның басына бұрауышпен оқ атқаны туралы хабарланған болатын. Оқиға 22 тамызда болған, бірақ оқиға орнынан түсірілген видео ғаламторда бүгін пайда болды.

"Аталған факті бойынша Еңбекшіқазақ ауданының 49 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Оқиға Қылмыстық кодекстің "денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.