{metadescription}
Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен

Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен

Шымкент тұрғынына шабуыл жасаған такси жүргізушінің кім екені әлі анықталған жоқ.

Шымкентте такси жүргізушісі қызды зорлағаны туралы "НеМолчиKZ" қозғалысының негізін қалаушы Дина Смайылова айтып берді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол жәбірленушінің көптеген жарақат алғанын дәлелдейтін суреттерді қоса жариялап, әлеуметтік желіде пост жазған. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға 27 тамыз күні Еңбекші ауданында болған.

"Қыз құрбыларымен бірге дәмханада туған күнін атап өткен, кеш біткен соң оны сол дәмхананың жанында тұрған таксилердің біріне отырғызып жібереді", - деп атап өтті ол.

Смайылованың айтуынша, таксист қызды аямай ұрып-соғып, зорлап тастаған. Қазіргі таңда "зорлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалған. Тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтауға тырысып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде