Шымкент ауруханасында дәрігер мейірбикені зорлаған
Шымкентте дәрігер медибикені жұмыс орнында зорлаған деген күдікке ілініп отыр.
12:45 05.09.2019
Қалалық полиция департаменті қазіргі таңда сезіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жария етті. Айта кетейік, аталған қылмыс туралы Dina Tansari есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында жазған болатын.
Жиенбаевтың сөзінше, оқиға 16 сәуірде Шымкенттің облыстық клиникалық ауруханасында болған. Дәрігер мен мейірбике бір жерде жұмыс істеген. Қор өкілінің сөзінше, зорлық жасады деп күдіктелген 30 жастағы дәрігер үйленген, екі баласы бар.
Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға шағымданғанымен, 21 мамырда дәлелдер мен қылмыс құрамы жоқ деген себеппен іс жабылған. 22 мамырда мейірбикенің өкілдері Әл-Фараби аудандық прокуратурасына қылмыстық істің заңсыз тоқтатылған туралы шағым түсірген. Арада бір ай өткеннен кейін істі тергеуге жіберген.
Шымкент қаласы полиция департаментінің әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен және 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ұсталған. Қылмыстық іс айыптау актісімен Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының прокуратурасына жолданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!