Гондурастың экс-президентінің жұбайы 58 жылға сотталды
Экс-президенттің әйелі шотына жалған тұлғалар арқылы 3 миллион АҚШ доллары көлемінде мемлекет ақшасын жымқырған.
16:36 05.09.2019
Сот сәрсенбі күні Гондурастың бұрынғы президенті Порфирио Лобоның әйелі Роса Элена Бонильяны 58 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Reuters агенттігі республиканың Жоғарғы сотының өкілі Карлос Силваның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
«Бұрынғы бірінші ханым Роса Элена Бонилья ақшалай қаражатты жымқыру және алаяқтық жасағаны үшін 58 жылға сотталды», - деді Силва.
Ендігі кезек тергеу барысында Рос Элен жиған терген мүлігін кері қайтарып, 10 пайыз үстемемен кері қайтаруымен қатар 58 жылға бас бостандығынан айырылатын болады.
Еске сала кетейік, Қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!