{metadescription}
Қызымен жасты секілді: Үш баланың анасы жас көрінуінің себебін айтты

Қызымен жасты секілді: Үш баланың анасы жас көрінуінің себебін айтты

Ағылшынның Вустер қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Джо Бэрри өзінің жас көрінуінің сырын айтты.

Ол сұлулықтың сырын спорт және дұрыс тамақтанудан деп атады. 24 жастағы Холли Барри адамдар анасының жас көрінетініне әрдайым таңғалатынын айтты. «Мен сіздерді апалы-сіңлілі деп ойладым» деген сөзді үнемі естимін. Қызы 20 жылдан кейін 44 жастағы Джо сияқты жас көрінгісі келетінін мойындады.

Холли анасымен жиі уақыт өткізетінін атап өтті: олар бірге клубтарға барып, шетелде демалады.

«Әр жастағы адамдар оған жиі қызығушылық танытады», - дейді қызы.

Холлидің айтуынша, анасы екеуі тек сыртқы келбетіне ғана емес, сонымен қатар олардың дауыстары мен мінездері де ұқсас.

Анасы қызының жастығын және сұлулығын сақтауға көмектесетінін түсіндірді.

«Сөз жоқ, спорт. Мен жүйелі түрде аптасына бір-екі рет, он шақырым жүгіремін. Мен сонымен қатар сән әлеміндегі жаңа тенденцияларды ұстанамын», - деді Джо.

Сондай-ақ, дұрыс тамақтануды және темекі шекпейтінін айтты. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде