Дәрігерлердің көмегіне сенген әйел көз жұмды
Ұлыбританияда дәрігерлер пациенттің жамбасы сынғанын байқамай, салдарынан әйел қайтыс болды.
17:40 05.09.2019
Өткен жылдың қазан айында 39 жастағы Сара-Джейн Рош қайырымдылық жартылай марафонына қатысқан. Әйел 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өткеннен кейін сол аяғының қатты ауыратынын сезіпті. Артынша ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған тізе астындағы сіңірі зақымдалғанын айтқан. Олар әйелге ауруды басатын дәрі беріп, үйіне жібереді.
Арада бір апта өткеннен кейін бірнеше дәрігерге қаралған әйел рентгенге түскен. Сол кезде оның жамбасы сынғаны анықталыпты. 17 қазанда әйел отаға жіберілді. Алайда ол ота кезінде жүрегі тоқтатап, қайтыс болды.
Оның күйеуі Стивен Роштың сөзінше, әйелі мұндай марафонға алғаш рет қатысқан және оған 3 ай дайындалыпты, деп жазады stan.kz.
«Оның денсаулығына қатысты проблемалары болған емес. Алайда марафонның алдында қатты уайымдап жүрді. Біз бірге жаттығып, жартылай марафонда бірге жүгірдік», - дейді күйеуі.
Стивеннің айтуынша, дәрігерлер аяғы ауырып келген әйелін 20 минут қана қарап, тіпті, рентгенге түсірмеген. Оған парацетамол мен ибупрофен дәрілерін тағайындап, көбірек демалуға кеңес берген.
«Оған балдақ берді. Алайда онымен жүре алмады», - дейді ер адам.
Ол әйелінің жағдайы нашарлап бара жатқаннан кейін, оны дәрігерге қайта қаралуға өзі мәжбүрлегенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!