Ақтөбеде аула сыпырушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды
Ақтөбе қаласында аула сыпырушының денесі жұмыс орнынан табылды.
19:12 05.09.2019
Оқиға 28 тамыз күні сағат 14:58-де тіркелген. 102 нөміріне автотұрақ маңында пышақ жарақатын алып, көз жұмған тазалықшының денесі табылғаны хабарланды.
«Оқиға орнына полиция қызметі барып, мән-жайды анықтады. Жұмыс кезінде екі аула сыпырушы сөзге келіп, төбелесіп, бірі екіншісінің кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған адам оқиға орнында көз жұмды. Әріптесін өлтірген күдікті кінәсін сол жерде мойындады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Осы дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!