Түркістан облысында оқушының үстіне футбол қақпасы құлап, қаза тапты
Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Әуезов атындағы мектепте 8-сынып оқушысы көз жұмды.
08:07 06.09.2019
Белгілі болғандай, дене шынықтыру сабағы кезінде жеткіншектің үстіне футбол қақпасы құлап кетіп, ауыр жарақат алыпты. Оқиға 5 қыркүйекте орын алған. 8-сынып оқушысы Алихан Махатай дене шынықтыру сабағында жылжымалы футбол қақпасымен ойнап, нәтижесінде қақпа үстіне құлап, ауыр жарақат алған. Оқиға орын алған жерге жедел жәрдем шақыртылып, жеткіншек аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналар қауіпсіздік нұсқаулығымен таныстырылды деп мәлімдейді. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, Махатай Алихан Талғатұлы 2006 жылы туған. Отбасында бес перзенттің ең кішісі. Отбасы материалдық жағдайы орта. Алдағы уақытта аталған жазатайым оқиғаға қатысты қосымша ақпарат беретін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!