{metadescription}
57 жыл бала сүйе алмаған 74 жастағы әйел егіз босанды

57 жыл бала сүйе алмаған 74 жастағы әйел егіз босанды

Үндістанның Андрха-Прадеш штаты тұрғыны ЭКО арқылы 74 жасында жүкті болып, егіз қыздарды дүниеге әкелді.

Аурухана директоры айтқандай, Эрраматти Мангаямма кесарь тілігі арқылы босанды.

"Ота жақсы өтті. Анасының да, жаңа туған балалардың да жағдайы жаман емес. Дегенмен, ол бірнеше сағаттық стресстен шығу үшін интенсивті терапия бөліміне жіберілді", - дейді ол.

Бірақ Мангаямма емшекпен емізе алмайды, нәрестелер донорлық сүтті емуде. Директордың айтуынша, қарт әйелдің бала көтеруі қант диабеті және гипертония сияқты медициналық асқынулардың болмауының арқасында мүмкін болды.

Мангаямма мен оның 80 жастағы күйеуі Рая Рао 1962 жылдың 22 наурызында үйленген. Соңғы 57 жыл ішінде олар балалы болуға тырысқан. Тек осы жылдың қаңтар айында 74 жастағы әйел ЭКО арқылы жүкті болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде