{metadescription}
Жерленген келіншек бейітте жатып көмек сұраған

Жерленген келіншек бейітте жатып көмек сұраған

Орталық Америкадағы Гондурас елінде Нейси Перес есімді 16 жастағы келіншек көрде жатып көмек сұраған.

Бұл туралы The telegraph ақпарат агенттігі хабарлады. Туған-туыстары, ата-анасы өлдіге санап, жерлеп қойған марқұм жер қойнына берілгесін бір күннен кейін көрде жатып, өзіне көмек сұраған. Жанұшырған дауысты бейітке жақын жерде жүрген күйеуі Руди Гонсалес естіп қалады. Осыдан кейін туған-туыстары Нейси Пересті қайта қазып алған. Осы сәттер көрсетілген видео жан түршіктіреді. Түсірушілер оны әлеуметтік желіге салған.

Мәнбеге сүйенсек, Нейси Перес жуырда тұрмысқа шыққан екен, осы кезде екіқабат болғанына үш ай болыпты. Келіншек «қайтыс болдыға» саналатын күні олар тұратын ауданда атыс орын алыпты. Сонда атылған оқтың дауысынан шошынған ол есінен танып қалған. Оның аузынан ақ көбік ағып жатқанын көрген ата-анасы қызының бойына «жын-шайтан» кіріп кетті деп ойлап, шіркеу қызметкерін көмекке шақырады. Бірақ үш сағаттан кейін дәрігерлер Нейси Перестің жүрегі тоқтағанын айтады. Қайғы жұтқан отбасы жуырда ғана тұрмысқа шыққандықтан, Нейсиді ақ көйлек киген қалпында жерлейді. Жерлеуден кейін 24 сағат өте әйелінің көріне қайта барған Руди Гонсалес оның айқайлап, көмекке шақырған дауысын естиді.

«Мен оның дауысын естідім, ол көрді ұрғылап, көмекке шақырды», – дейді ол.

Көрді қазған шіркеу қызметкерлері мен қыздың туған-туысы Нейсидің денесі жып-жылы күйінде жатқанын және көрдің бір шетіндегі шынының сынғанын көріп, өздері естен тана жаздаған. Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенмен, Нейси қайтадан көз жұмады.

Дәрігерлер болса, Нейси бірінші рет «өлген» кезде, қатты қорыққаннан жүрегі уақытша тоқтап қалғанын, ал көрден қайта шыққан келіншек расымен енді өмірге келмейтінін айтып, ата-анасына көңіл айтқан. Туған-туыстары сөйтіп Нейси Пересті екі рет жерлеген.

Дереккөз: Алаш айнасы

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде