{metadescription}
Барахолкадағы өрт тікұшақпен сөндірілуде

Барахолкадағы өрт тікұшақпен сөндірілуде

Базардағы өртті сөндіруге  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы көтерілді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 64 қызметкері, 20 техника мен «Алматы тазалық»  кәсіпорнының суарушы және Жасыл экономика басқармасының 15 су тасымалдайтын көліктері тартылды. «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 және ПД 13 техникасы жұмылдырылды.

«Бұл өрттің  «Мизам» базарына қатысы жоқ, базарлардың арасында көтерме сақтау қоймаларының жеке аумағы бар. Сол контейнерлер жанып жатыр. Қызыл жалынның, қоймалардың оңтүстік жағына таралу қауіпі сақталып отыр. Сондықтан температура жоғары, әзірге өрт шарпыған  ауданды анықтау мүмкін емес», - деп хабарлады ТЖМ.

Мұның алдында Алматыда Жетісу ауданындағы базарда өрт шыққаны, Барахолка жанып жатқаны хабарланған. Металлпластикалық бұйымдар сақталатын бір қабатты қойма өртеніп жатқаны мәлім болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.