{metadescription}
Петропавлда өрттен 78 жастағы кейуана қайтыс болды

Петропавлда өрттен 78 жастағы кейуана қайтыс болды

Петропавлда түн ортасында тұрғын үйлердің бірі өрттеніп, оқиға орнынан өрт сөндірушілер үй иесінің жансыз денесін тапты.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға туралы хабар «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметіне» бүгін түнгі 3.30 шамасында түскен. Өрт сөндірушілер Петропавл қаласы, Союзная көшесі 31-үй мекенжайы бойынша жеткенде баспананың түтінге оранып, ішкі қабырғалары мен төбесінің лапылдап жанып жатқанын көрген.

Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан үй иесі – 1941 жылы туған әйелдің мүрдесі табылды.  Бір сағатқа жуық жалынмен арпалысқан мамандар оны тек бір сағаттың ішінде ғана толық сөндіре алды.

Өрт салдарынан үйдің және қосалқы ғимараттың шатыры толық жанып кетті. Үй иесінің жеке заттары зардап шеккенімен, өрт сөндірушілер жиһаздарды аман алып қалды. Әзірше өрттің неден шыққаны және келген шығын мөлшері белгісіз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде