{metadescription}
Павлодарда қоғамдық көлікке оқ жаудырды

Павлодарда қоғамдық көлікке оқ жаудырды

Ер адам пәтердің терезесінен бағдардағы таксиге оқ атты, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді. 

Павлодарда бағдардағы таксиге пневматикалық тапаншадан оқ атқан ер адам ұсталды. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері бағдардағы таксиді тексеріп жатқаны жайлы видео пайда болды. Сонымен бірге көлікке белгісіз біреу оқ жаудырғаны айтылады. 

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, кезекшілік бөліміне 6 қыркүйек күні сағат 08:40-та Павлодардағы Малайсары батыр көшесінде белгісіз біреу №153 бағдардағы таксиге оқ жаудырғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ведомство ол пневматикалық қарудан атуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Павлодар полициясы солтүстік бөлімінің қызметкерлері бұзақыны ұстаған. 

"Ол 32 жастағы павлодарлық екені белгілі болды. Бұзақы пәтердің терезесінен пневматикалық тапаншамен 153-бағдардағы таксиге оқ атқан. Қару тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда", - деп жазылған полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде