{metadescription}
Үйлену тойына келген жігіт сүйіктісін көріп шошыды

Үйлену тойына келген жігіт сүйіктісін көріп шошыды

Ұлыбританияда досының үйлену тойына шақырылған жігітке күтпеген ұсыныс жасалды.

Уэльс тұрғынын досы үйлену тойына шақырған. Алайда тойға қонақ болып барған жігіт қалыңдық көйлегін киген сүйіктісін көрді. Аң-таң болған жігітке арналған тосын сый мұнымен де бітпеді. Оның сүйіктісі жанына келіп, үйленуге ұсыныс жасаған.

Бұған дейін 40 жастағы Пол сүйіктісіне бірнеше мәрте ұсыныс жасаған екен. Алайда Алиша келісімін бермеген. Кейін ұзақ ойланып, Полға тұрмысқа шығамын деп шешкен. Бірақ тойдың ерекше болғанын қалапты. Сондықтан сүйіктісіне еш нәрсе айтпай, қонақ шақырып қойған. Осылайша досының тойына келген жігіттің өзі үйленді.

Пол да болашақ жарына алдымен "жоқ" деп әзілдеп, жиналғандарды таңғалдырды. Кейін неке қию рәсімі өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде