Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді
Таразда питбуль тұқымды ит 54 жастағы әйелді талап өлтірді.
08:00 13.09.2019
Ит оның денесін түгін қалдырмай тістеп, жұлма-жұлмасын шығарыпты. Дәрігерлер жарты сағатқа жуық уақыт әйелге көмек көрсете алмаған. Полицейлер құтырған итті атып өлтірмейінше, әйелге олау мүмкін болмапты. Әйел бірнеше литр қан жоғалтып, оны құтқару мүмкін болмадып.
Қайғылы жағдай тапа-тал түсте қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алыпты. Әйелдің жанұшыра айқайлағанын естіген көршілер бірден көмекке асыққан. Олар қоршаудан үлкен иттің әйелге тап беріп, талап жатқанын көрген.
«Бір бұрышта талап жатты. Содан сүйреп алып келді. Сол кезде сүйменмен ұрдым», - дейді көршілерінің бірі.
Алайда құтырған итті тыныштандыру мүмкін болмаған. Ол таланған әйелдің жанына қайта-қайта барған. Жедел жәрдем дәрігерлері сол кезде әлі тірі болған зардап шегушіге көмектесу үшін шамамен жарты сағат күтіпті. Артынша полицейлерге итті атып тастауға тура келді.
Ал зардап шеккен әйел көптеген жарақатпен шок жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ондағылар әйелді бірден ота залына алып барыпты. Алайда оны құтқару мүмкін болмады. Зардап шегуші шамамен 2 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қалғанын тіркеді.
Анықталғандай, марқұм жалғызбасты туған әпкесінің үйінде қонақта болған. Иесі сіңлісіне араша түспек болғанымен, онысынан түк шықпапты. Әйелді өлгенше талап тастаған питбуль үш жасар болған екен. Көршілерінің сөзінше, оның адамдарға шабуылдауы алғаш емес.
«Қорқынышты ит. Есек сияқты үлкен. Өзі үлкен. Бәріне шабуылдайтын. Иесі қоршауды жауып жүретін. Қоршау ашық қалғанда, адамдарға жүгіретін. Полиция бәрін біледі. Бізді ғана емес, полицейді деп қапқан. Өткен жылы да бір адамды қапқан еді. Ол да ауруханада жатты. Ал бұл жолы мүлдем...», - дейді ит иесінің көршісі Әзиза Наурызбаева.
Полициядағылар оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Алайда қай бап бойынша іс қозғалғаны, иттің иелері жазаланатын-жазаланбайтыны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!