{metadescription}
Көліктің терезесіне қысылып қалды: 2 жасар қыз анасын өлтіріп қойды

Көліктің терезесіне қысылып қалды: 2 жасар қыз анасын өлтіріп қойды

Беларуссияда екі жасар қыз анасын кездейсоқ өлтірді.

Оқиға 6 қыркүйекте Старо Село ауылында болған. Бұл туралы Брест облысы бойынша тергеу комитеті дирекциясының ресми өкілі Дмитрий Иванюк айтты. 20 жастағы әйел отбасымен демалып жатқан. Марқұмның күйеуі оны есінен танып, көліктің алдыңғы есігінің әйнегіне қысып тұрған күйінде тапты. Ер адам оны сындырып, жедел жәрдем шақырды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел екі жасар қызын көліктен ашық терезе арқылы шығармақ болады. Мүмкін сол кезде қыз бала терезесінің түймесін басқан болуы мүмкін. Анасы терезеге қысылып қалған», - деді Иванюк.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.