{metadescription}
Министр Абаев оқушы күнінде еден жуғанын еске алды

Министр Абаев оқушы күнінде еден жуғанын еске алды

Дәурен Абаев мектептердегі оқушылардың едендерді жуып жатқанына қатысты ешқандай жамандық көрмейді.

«Білесіз бе, менің мектепте кезекшілікте болғанымызды, көктемгі тазарту жұмыстарын жүргізгеніміз есімде. Оның үстіне, масақ теру деген ұғым болды. Қызылша тердік. Біз мектеп алаңын тазаладық. Сонымен бірге барлығымыз спортпен шұғылданып, үйірмелерге, дискотекаларға бардық», - деді ол.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі өзінің оқушы күндерінде сыныпты қалай тазартқанын еске түсірді.

«Негізінде, мен балаларды жұмысқа қабылдауда ешқандай жаман нәрсе деп көрмеймін. Әрине, бірнеше маңызды нюанстар бар. Біріншіден, бұл оқуға кедергі келтірмеуі керек. Екіншіден, бұл ерікті түрде болуы керек. Ата-аналар мен оқушылар мектепте өзара осындай шешім қабылдауы керек», - деді министр.

Министрдің айтуынша, мемлекет балалар есебінен ақша үнемдеуді мақсат етпейді. Тазалаушы қызметкерлердің жұмыстан шығару жоспарланбайды.

«Бірақ балаларды жұмысқа тарту, жұмыс орнын таза сақтауда мен жаман ештеңе көрмеймін», - деп қорытындылады министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде