{metadescription}
Аяғын сүюге мәжбүрлеген: Сауд Арабиясының ханшайымы су тартушыны қорлаған

Аяғын сүюге мәжбүрлеген: Сауд Арабиясының ханшайымы су тартушыны қорлаған

Сауд Арабиясының ханшайымы Хасса бинт Салман су тартушы маманды қорлағаны үшін 10 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар оған 10 мың еуро (4 млн 200 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды. Сот Сауд Арабиясының патшасы Салманның қызы және мұрагер ханзада Мұхаммед ибн Салман бин Саудтың қарындасы болып келетін ханшайымды күзетшісіне су тартушы жұмысшыны ұрып-соғуға бұйрық берді деп таныды.

Бейсенбі күні Франция соты ханшайымды қару қолданумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттеріне және адамды заңсыз ұстауға қатысы бар деп мойындады.

Ханшайымның айыпталуына себеп болған оқиға 2016 жылдың қыркүйек айында орын алған. Сол кезде Хасса бинт Салман Париждегі сәулетті ғимараттың 5-қабатында орналасқан пәтеріндегі қолжуғышты жөндету үшін су тартушыны шақырған. Су тартушының сөзінше, ол жұмысына қажет болғандықтан, қолжуғышты бірнеше рет суретке түсіріпті. Алайда ханшайым суреттерден өзінің айнадағы бейнесін көріп қалып, ашуға булығады. 

Сот материалдарында көрсетілгендей, ханшайым күзетшіні шақырып, өз кезегінде ол жұмысшыны ұрып-соғып, байлап тастапты. Эидтің айтуынша, оны ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеп, бірнеше сағат бойы пәтерден шығармаған. Сонымен қатар Эид телефонын мәжбүрлеп тартып алғанын, ханшайымның өзімен жануарға қарағандай қарағанын айтты. 

«Ханшайымдармен қалай сөйлесу керегін көрсетемін. Мен саған патша отбасының мүшелерімен қалай сөйлесу керегін көрсетемін», - депті ханшайым.

Сонымен қатар су тартушы ханшайымның күзетшісіне: «Бұл итті өлтіріп таста. Ол өмір сүруге лайық емес», - деп айтқанын жеткізді. Өз кезегінде күзетші Рани Саиди ханшайымның көмек сұрап айқайлағанын естіп, көмекке келгенін айтқан. Оның сөзінше, сол кезде ханшайым мен су тартушы телефонға таласқан екен. 

«Мен оны ұстап алып, қимылдатпай ұстап тұрдым. Одан не күтерімді білмедім», - дейді күзетші. 

Сонымен қатар ол Эид суреттерді сатпақ болды деп топшылаған. Сауд Арабиясында бөтен адамдарға ханшайымды суретке түсірге тыйым салатын заң бар. Сот ханшайымды 10 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, сондай-ақ, 10 мың еуро (4 млн 200 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салды. Ал күзетші  Рани Саиди 8 айға шартты түрде сотталып, 5 мың еуро (2 млн 100 мың теңгеден аса) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.