Қазақстандық боксшы бірде-бір рет жеңіліп көрмеген америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық кәсіби боксшы Искандер Харсан бірде-бір рет жеңіліп көрмеген америкалықты нокаутқа жіберді.
15:27 15.09.2019
Кәсіби бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық рингке жетінші рет шықты. Екінші жеңіл салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жекте америкалық Исидро Очоа оның қарсыласы болды.
"Харсанның мансабында бұл жеңіс жетінші, алтыншысы нокаут. Исидро бірінші рет жеңілді, оның қоржынында жеті жеңіс бар", — деді кәсіби боксшылардың менеджменті бойынша жұмыс істейтін MTK Global атты компанияның қазақстандық филиалының қызметкерлері.
Екі боксшының кездесуі Лас-Вегасте Фьюри-Валлин андеркардінде өтті. Sport.kz редакциясы қазақстандық спортшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін нақтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!