{metadescription}
Шамалғанда пойыз бен автобус соқтығысты

Шамалғанда пойыз бен автобус соқтығысты

Алматы облысына қарасты Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды.

«2019 жылғы 15 қыркүйекте сағат 19:08-де «Алматы-Шамалған» жолының реттелетін темір жол өткелінде №43 «Алматы-Қостанай» жолаушылар поезды мен бағдаршамның тыйым салуына қарамай темір жолға шығып кеткен №456 «Алматы - Шамалған» бағытында жүретін мемлекеттік нөмірі 757 AR 05 «Сетра» маркалы автобусының қақтығысуы орын алды. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істер жатыр. Бүгін Шамалған станциясында автобуспен пойыздың соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз. Алдын-ала болжам бойынша, автобус пойыздың релсіне шығып кеткен.

Аталған ведомствоның өкілі Ғалымұрат Жүкел бір адамның қайтыс болғанын, тағы екі адамның жансақтау бөліміне түскенін нақтылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде