{metadescription}
Тоқаев Шамалғандағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады

Тоқаев Шамалғандағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан президенті Алматы облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, тергеу жұмыстары басталғанын жеткізді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы темір жол өткелінде болған апатқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобуспен соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында.

15 қыркүйек күні кешкісін Шамалған станциясы аумағында пойыз темір жол өткелінде тұрған автобуспен соқтығысты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жолаушылар автобусы пойыз келе жатқанда темір жолдың үстінде тұрған. Машинист сигнал бергенімен, автобус орнынан қозғалған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, темір жол өткелі маңында көлік кептелісі болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.