Қорлан Жақанша күрестен әлем чемпионатында күміс алды
Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медаль түсті.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
08:40 16.09.2019
55 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан грек-рим күресінің шебері Қорлан Жақанша финалда қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды. 5:0 есебімен ұтылып жатқан Қорлан санаулы секундтар ішінде тағы да қарсылас айласына түсіп, жеңіліске ұшырады. Грузиялық Нугзари Цурцумияның басымдығы сегіз ұпайдан асып кеткен соң, белдесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Бұл Қорлан өзі қатысып отырған алғашқы әлем чемпионатынан күміс олжалап отыр. Сондай-ақ, бұл Қазақстан командасының биылғы әлем біріншілігіндегі алғашқы медалі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!