Дәрігерлер Шамалғандағы апаттaн зардап шеккендердің жағдайын айтты
Шамалған станциясындағы апат салдарынан зардап шеккен үш найқастың жағдайы әлі де ауыр.
11:00 16.09.2019
Алматы облысындағы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Өмірзақ Ниязбеков Шамалған станциясында болған аварияда зардап шеккен адамдардың қазіргі уақытта қандай жағдайда жатқанын айтып берді. Ниязбековтың айтуы бойынша, ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты. Олар зардап шеккендерді Қарасай ауданындағы орталық ауруханаға жеткізді.
«2014 және 2016 жылы туылған балалар және 33 жасар әйелдің жағдайы өзгеріссіз қалып отыр. Үшеуінің де жағдайы ауыр. 2016 жылғы науқастың миы ауыр дәрежеде зақымданған. Кеуде қуысының жабық жарақатын алған. Сол жақ өкпесі соғылған. Команың 2-3 дәрежесі. Ал 2014 жылғы науқастың диагнозы, мидың ауыр дәрежедегі зақымдануы. Оң жақ-самай сүйегінің сынуы. Оң жақ субдуральды гематома. Кома 2-3. Ал 1986 жылғы науқастың да жағдайы ауыр. Оған қойылған диагоноз: аралас жарақат. Мидың шайқалуы. Оң жақ иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің жабық фрагментті сынығы анықталған. 1-ші дәрежедегі травматикалық шок алған», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қызркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!