{metadescription}
ШҚО-да жұқпалы вирус тарады

ШҚО-да жұқпалы вирус тарады

ШҚО-да АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар күн санап көбейіп келеді.

ЖИТС орталығының мәліметтері бойынша, инфекция жұқтырғандардың көбі Алтай, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласының тұрғындары, деп хабарлайды Алтайньюс.

– Аймақта АИТВ-инфекциясы өршіп келеді. Әдетте ай сайын 20 адамнан анықталса, қазіргі уақытта олардың саны 45-ке жетті, – дейді облыстық ЖИТС орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Наталья Селезнева.

Дәрігердің айтуынша, инфекция жұқтырғандардың дені – нашақорлар. Бұған себеп – синтетикалық есірткі. Сондай-ақ маманның пікірінше, тұрғындардың АИТВ-ға тексеріліп тұрғаны абзал. Себебі аталмыш инфекция бастапқыда сыр бермегенімен, 7-8 жылдан соң ауыр сырқатқа душар етуі мүмкін.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде